Коронавирус жұқтырған әріптесі - денсаулық сақтау министрімен байланыста болған ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров та оқшауланды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы ведомствоның баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан растап отыр,
"Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен қарым-қатынаста Сапархан Омаров коронавирус бойынша тесттен өтіп, оның КВИ жұқтырмағаны анықталған. Алайда КВИ-ден емдеу және диагностика хаттамасына сәйкес ауыл шаруашылығы министрі белгілі бір уақыттан кейін қайтадан тесттен өтуі тиіс. Оған дейін министр оқшауланады", - деп мәлімдеді баспасөз хатшысы.
Сөзінше, алдағы уақытта шенеунік жұмысын министр кесте бойынша видеоконференция тәртібімен жалғастыра бермек.
Еске салайық, бұған дейін Елжан Біртановтың коронавирус
жұқтырғаны мәлім болған еді.
Қазіргі таңда үкімет білім министр
Асхат Аймағамбетов пен қорғаныс министрі
Нұрлан Ермекбаев өзін-өзі оқшаулау режиміне көшкен.