Үшінші қабаттан бір-ақ шықты: Нұр-Сұлтанда бір жасар сәби ауруханаға түсті

Үшінші қабаттан бір-ақ шықты: Нұр-Сұлтанда бір жасар сәби ауруханаға түсті

ашық дереккөзі

Сәби үйдің есігі ашық тұрған кезде, баспалдақ алаңына шығып кеткен, ата-анасы баланың көзден таса болғанын байқамай қалған
Нұр-Сұлтанда бір жасар сәби баспалдақ аралығынан құлап, тірі қалды. Оқиға 13 маусымда болды. Сәби сегізінші қабаттан үшінші қабатқа, тұрғын үйдің баспалдақ аралығынан құлап түскен. Осыдан кейін ол қалалық балалар ауруханасына жатқызылды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Sputnik.kz порталына сілтеме жасап. Жазатайым оқиға кезінде үйде баланың анасы, әжесі мен басқа балалар болған. Пәтер есігі желдету үшін ашық тұрған екен. Ересектер сәбидің кіреберіске қалай шығып кеткенін байқамай қалған.
 

Жүктелуде...