Шымкентте 1 жасар бала шелектегі суға тұншығып қайтыс болды
Шымкентте 1 жасар бала шелектегі суға тұншығып қайтыс болды
ашық дереккөзі
Шымкентте 1 жасар бала шелектегі суға тұншығып қайтыс болды
13 маусым күні Шымкент қаласының Самал мөлтек ауданында бір жасар бала шелектегі суға тұншығып қайтыс болған,- деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға орнына Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері барған. 2019 жылы туған сәби үйдің ауласында ойнап жүрген.
Абайсызда шелектегі суға құлап, тұншығып өлген. ТЖБ қызметкері жаз айларында бұндай оқиға көптеп орын алатынын алға тартады. Себебі ата-аналары тұрмыстық шаруалармен жүргендіктен, балалары қараусыз қалады.