Жаңа автокөлікті төмен пайыздық мөлшерлемемен сатып алуға мүмкіндік беретін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қазақстандықтар арасында қарқын алып келеді. Жаңа көлікті қаржылық тұрақсыздық жағдайында бюджетіңізге айтарлықтай зиян келтірмей алуға болады.
Бұл мақалада мемлекеттің төмен пайыздық мөлшерлемемен беретін жеңілдетілген автонесие бағдарламасымен сатып алуға болатын Chеvrolet-тің танымал көліктері туралы айтамыз. Бұған қоса қалай айына 95 839 теңге ғана төлеп, жаңа кроссовердің иесі атануға болатынын жазамыз.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 2015 жылы бастауын алған. Бүгінде екінші деңгейлі банктерден 4 пайыздық төмен мөлшерлемемен жаңа көлікті сатып алуға болады.
Шарты:
– Автокөлік Қазақстанда құрастырылу қажет;
– Көлікті автосалоннан сатып алу керек;
– Несие валютасы – теңге;
– Несие мерзімі – 7 жылға дейін;
– Көлік құны 15 миллион теңгеден аспау қажет;
– Алдын ала төлем автомобиль құнының 10-20%-ды құрайды;
– Несие бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылына 4%-дан аспайды;
– Жылдық тиімді мөлшерлеме жылына 7,5 пайыздан аспауы керек.
Қазақстан нарығында ұсынылған Chevrolet автомобильдері клиенттердің сұранысына ие барлық сегментте бар, оған қоса жүргізушілердің барлық сұранысын қанағаттандырады. Жайлы әрі үнемді көлік іздеп жүрген жүргізушілер Chevrolet Cobalt (3 990 000 теңгеден бастап) седандарын таңдайды. Ал сенімді және үнемді серіктес қажет кәсіпкерлер Chevrolet Damas минивеніне (3 299 000 теңгеден бастап) басымдық береді.
Аты аңызға айналған Chevrolet Malibu (9 990 000 теңгеден бастап) бизнес-седаны Қазақстан жүргізушілерінің жүрегін жаулап алды. Ал қозғалтқышы 3,6 литр болатын, қуаты 281 ат күші бар Chevrolet Trailblazer жол талғамайтын көлігі (14,990,000 теңгеден бастап) өзінің жайлылығы мен кез келген жолда жүре алатын қабілетінің арқасында саяхаттауды жақсы көретіндер үшін арналған.
Қазақстанда ең танымал модельдердің бірі – SUV Tracker. Бұл шағын кроссовер өзіне ұқсас көліктермен салыстырғанда қуатты, бірақ үнемді 1,8 литрлік (100 шақырымға 7,9 литр жанармай тұтынады) төрт цилиндрлі қозғалтқышымен ерекшеленеді.
Chevrolet Tracker көлігінің дизайны жарқын әрі стильді болғанымен ерекшеленеді. Ал жол саңылауының биік, салон кең болғандықтан қала ішінде ғана емес, сыртқы елді-мекенде де жүруге ыңғайлы. Көліктің интерьері көп функциялы рульдік дөңгелекпен және 3,5 дюймдік бақылау тақтасының дисплейімен жабдықталған.
Жаңа кросслвердің бағасы 7 790 000 теңгені құрайды. Төменде осы үлгіні жеті жылдық мерзімге Қазақстан банктерінің бірінде сатып алуға жеңілдетілген және шартты несиелеудің салыстырмалы талдауын ұсынамыз.
Ескеретін жайт, жеңілдетілген автонесие бағдарламасымен Chevrolet көліктері сұранысқа ие. Тіпті, барлық автокөлік тез арада сатылып, клиенттердің көлігін ұзақ уақыт күтіп қалатын жағдайлар болады. Сол себепті мамандар мұндай мүмкіндікті тез арада қолданып, көлік сатып алуды кейінге қалдырмауға кеңес береді.
Дереккөз: Massaget.kz порталынан