Көлгінов астаналықтарға қонаққа бармауға кеңес берді
Көлгінов астаналықтарға қонаққа бармауға кеңес берді
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов астаналықтарға қонаққа бармауға кеңес берді, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Tengrinews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
"Қонаққа барудан және отбасылық іс-шараларға қатысудан, сондай-ақ адам көп жиналатын жерге бармау керек: қауіп әлі бар. Сақтық шараларын сақтай отырып, сіз өзіңізді және жақындарыңызды қауіпсіздендіресіз", - дейді Көлгінов.
Ол қала тұрғындарына қатаң санитарлық нормаларды сақтау қажет екенін атап өтті: маска тағу (адам көп жиналатын жерлерде, әсіресе жабық үй-жайларда) мүмкіндігінше адам көп жиналатын орындарға бармау керегін ескертті."Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы өте ауыр. Өкінішке қарай, науқастар медицина қызметкерлерінің кеңесін тыңдамайды, сонымен қатар, өзін-өзі емдеп, медициналық көмекке дер кезінде жүгінбейді", - деді әкім.
"Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы өте ауыр. Өкінішке қарай, науқастар медицина қызметкерлерінің кеңесін тыңдамайды, сонымен қатар, өзін-өзі емдеп, медициналық көмекке дер кезінде жүгінбейді", - деді әкім.