Шығыс Қазақстанда 16 жастағы бала найзағайдан мерт болды
Шығыс Қазақстанда 16 жастағы бала найзағайдан мерт болды
ашық дереккөзі
Бұл – Абай ауданындағы алғашқы дерек емес.
Бұл жайсыз хабарды Төтенше жағдай комитеті хабарлады. Комитет келтірген мәліметке сүйенсек, 14 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Қасқабұлақ ауылынан 8 шақырым жерде 2004 жылы туған бала найзағай түсіп, мерт болған. Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі бала далада қой жайып жүрген әкесіне көмекке бара жатқанда, үйден 500 метр шыққан кезде найзағай түскенін жеткізді. Осы ретте департамент мамандары тұрғындардан найзағайлы күндері атпен жүрмеуді өтінеді.
Ескерте кетер бір дүние, бұл – Абай ауданындағы алғашқы дерек емес. Бұл аймақта осындай жайсыз оқиғалар жаз мезгілінде жиі орын алып тұрады.
Ақпарат: Egemen.kz порталынан