Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
15 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Психологиялық тест: Суреттен не көріп тұрсыз?

Психологиялық тест: Суреттен не көріп тұрсыз?

Психологиялық тест: Суреттен не көріп тұрсыз?
ашық дереккөзі
Бұл тест 98% жағдайда дұрыс шығады. image.png Кит Сіз жауапкершілікке бей-жай қарайтын адам емессіз. Өзгелерге қамқорсыз. Жұмысты «таза» орындауға тырысып, мойыныңызға көп міндет жүктеп аласыз. Мінезіңіз жақсы. Адамдар сізге сенеді. Сіз тез ойлап, тез әрекеттенуге дағдыланғансыз. Өткір тілді адам болғандықтан, таныс емес ортада да айтарға сөз табасыз. Киттің үлкен мақсаттары мен күші бар, сонымен бірге ол агрессивті емес  саналатын жұмсақ жануар. Жұмсақтық пен сүйіспеншілікті сақтай отырып, сіз өзіңіздің ішкі күш-қуатыңызды дамыта аласыз. Достары көп, көңілділіктің билігінде көп тербеліп жүреді. Олар «ортаның тұздығы», олардың төңірегінде адамдар көп жүреді. Табиғатынан тартымды, сүйкімді, өздері де осы жақсы қасиеттерінің арқасында жақсы көрінетіндіктерін біліп, сол арқылы көрінгілері келеді. Олар жан-жақты, көп нәрсені істей алады, бірақ ең негізгісін таңдай алмайды. Күн Жақсы жұмысқа орналасу белгілері көрінеді. Адамдармен тез тіл табыса аласыз. Айналаңызда дос, жолдастарыңыз көп. Оларға көмектесіп, жақсы дос болуға тырысасыз. Сіздің аураңыз ашық әрі жылы. Адамдар жаныңызда өзін қауіпсіз сезінеді. Сізге сенеді. Ерекше болуға тырысасыз. Махаббатқа құштар жансыз. Қоғамдық қарым-қатынастардың барлығының негізін қалаушы. Мақсатқа жетудің қысқа жолын таңдамайды. Жаны тәртіптілікті қалайды. Кез келген мәселені соңына дейін шешуді жақсы көреді. Тәртіпсіздік пен бей-берекетсіздікке жаны қас. Іскер, тапсырманы ақыл мен қисынға салып оңай орындайды, сирек қателеседі. Өте адал, сенімді, айналасындағылардан да соны талап етеді. Әділетсіздікке жаны төзбейді. Серфингші Өмірді қымбат сый деп бағалайсыз. Жетістіктеріңізді мақтан тұтасыз. Жақсы көретін адамдарыңызды бақытты етуге тырысасыз. Өмірді мәнді етіп өткізгіңіз келеді. Өсіп-дамуға барыңызды саласыз. Мінезіндегі ерекшелік – ынтымақтастық. Олар жақсы жар, сыйлас әріптес, сырлас дос болуға икемді. Екінші жақтың пікірімен есептесіп отырады. Бұл құлдық психология емес, бірақ кейде оны түсінбегендер оны өзіне тәуелді еткілері келеді. Өзгенің тапсырмасын өте ыждағатты орындайды, осы мінезінің арқасында өзіне орынтақ жасайды. Толқын Мінезіне өзгеріп тұру тән. Көп саяхаттағанды ұнатады. Қызығушылығын, өмірге көзқарасын жиі-жиі өзгертіп, іздену үстінде болады. Тұрақсыздығы да бар. Өмірдің барлық қызығын көріп қалғысы келеді. Қаруы – сөз. Сөзге қатысы бар барлық салада өзін сынап көреді. Ойы жүйрік, әзілге шебер. Бірақ кейде осы қабілетін өзгелерді тұқырту үшін пайдаланады. Жұмыс орнында да көп отырмайды. Дереккөз: Oinet.kz порталынан