Қазақстандықтар Димаш Құдайбергеннің АҚШ-тағы бүлік туралы пікірін неге сынға алды

Қазақстандықтар Димаш Құдайбергеннің АҚШ-тағы бүлік туралы пікірін неге сынға алды

ашық дереккөзі

Әлемге әйгілі әншінің отандастары оны әлеуметтік желіде не үшін қатаң сынға алды және оларға Димаштың Америкадағы нәсілшілдік туралы сөздері несімен ұнамай қалды.  width= Өткен аптада отандық әнші Димаш Құдайберген өзінің Инстаграмдағы парақшасында АҚШ-тағы жаппай наразылықтар мен толқуларға себеп болған американдық Джордж Флойдтың өлімі туралы жаңа пост жариялаған болатын.

«Жаман ұлт жоқ, бірақ жаман адамдар  бар. Олар әр жерде. Менің афроамерикалық достарым бар, олармен жақсы қарым-қатынастамын, олар өте дарынды.  Әлемде нәсілшілдік жоқ деп елестетіп көріңізші! Барлық адамдар бірдей. Ерте ме, кеш пе, бәріміз Құдайдың алдына барамыз. Бүкіл әлемде тыныштық болсын, өйткені біз мұнда тек қонақпыз. Нәсілшілдікке жол жоқ», - деп жазды ол.
  Постқа Димаш өлтірілген  кісінің отбасына қолдау көрсету және қайғы белгісі ретінде тегіс қара фонды  фотосурет орналастырды. Еске салайық, мамыр айының соңында АҚШ-та афроамерикандық  Джордж Флойдтың өлімінен кейін  тәртіпсіздіктер басталған болатын. Ол 25 мамырда полицияға ұсталғаннан кейін қайтыс болды, полицейдің  біреуі оның қолы байланғанына және қарсылық білдірмегеніне қарамастан мойнын өзінің тізесімен сегіз минут бойы қысып тұрған.  Содан кейін бүкіл елде жаппай наразылықтар басталып, арты тәртіпсіздіктер мен бүлікке айналып кеті. Бұл тақырып әлі күнге дейін әлемдегі ең өзекті мәселелердің бірі болып қалып отыр, сондықтан көптеген атақты адамдар осы тақырыпта сөөз қозғап,  жанкүйерлерін адамдарды нәсіліне немесе этникалық белгілері бойынша бөлмеуге шақырады. Дегенмен, қолданушылардың өздерінің  реакциялары алуан түрлі болып жатады. Әншінің көптеген отандастары оның бұл сөзін күмәнмен қабылдады.  width= Және дарынды қазақстандыққа саясатқа киліпей, қолынан келетін іспен шұғылдануға – адамдардың көңлін көтеруге кеңес берді.  width= Әлдекім соңғы кезде ақпарат алаңында «Димаш өте көп болып кетті» деді.  width= Және дарынды қазақстандыққа саясатқа киліпей, қолынан келетін іспен шұғылдануға – адамдардың көңлін көтеруге кеңес берді.  width= Бірақ, комментаторлар отандастарына қолдау көрсетудің орнына, американдықтарға жанашырлық танытып, өзінің отандастарын ұмытып кеткендігін байқаған кезде әншіге көп «тас атылды».  width= Кейбір қолданушылар мұны аудиторияның алдына тағы бір рет көрініп қалудың сылтауы ретінде қабылдады, бұл, әрине, олай емес.  Сонымен қатар, бұл туралы кең ауқымды пікірлерде жаза отырып, әншіні екіжүзді деп  айыптады.  width= Бірақ, комментаторлар отандастарына қолдау көрсетудің орнына, американдықтарға жанашырлық танытып, өзінің отандастарын ұмытып кеткендігін байқаған кезде әншіге көп «тас атылды».  width=   Авторы: Батырбек Иманғалиев  

Жүктелуде...