Алматыда интернатты ұйымдардың көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасына мониторинг жүргізу бойынша комиссия құрылады

Алматыда интернатты ұйымдардың көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасына мониторинг жүргізу бойынша комиссия құрылады

ашық дереккөзі

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров видео-конференция-байланысрежимінде Алматы қаласының интернаттық ұйымдарының барлық басшыларының қытасуымен кәмелеттік жасқа толмағандар және олардың құқығын қорғау ісі бойынша қалалық Ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді.

 width=

Отырыстың жұмысына Алматы қаласының мәслихат депутаты Шавкат Омаров, Алматықаласының Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева, полиция полковнигі, Жергіліктіполиция қызметі басқармасының басшысы МанапСаттаров, «Қазақстанның балалар үйі түлектерінің ассоциациясы» ЗТҰ президентіРафаэль Гасанов және басқалары қатысты.

Комиссия арнайы интернаттық ұйымдардың жұмысын жетілдіру, білім саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, балалар үйі түлектерінің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, қылмыстың алдын алу мәселелерін қарады.

Қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Айтқұлованың, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсел Бисенбаеваның, Алматы қ. ЖПҚ Ювеналды полиция басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Лейла Әліпбаеваның баяндамалары тыңдалды.

Алматыда 18 мектеп-интернат бар, оларда 3 640 бала тұрады. 8 түзету мектеп-интернаттарында2 542 бала тәрбиленуде, олардың арасындасөйлеу, есту кемістігі бар балалар, сонымен біргежетім балалар да бар. Барлық мекемелершеберханалармен, ойын залдарымен және медициналық пункттермен жарақтандырылған. Соңғы үш жылда ұйымдардың тәрбиленушілеріне, жетім балалар мен ата-анақарауынсыз қалған балаларға 259 пәтер берілген.

Суицидтің алдын алу мақсатында Психикалық денсаулық орталығының негізіндепсихологтардың онлайн кеңес беру жұмысы ұйымдастырылды. Осы кезге дейін 29 адамға кеңес беріліп, соңғы 4 айда сенім телефонынақала тұрғындарынан 1035 қоңырау келіп түсті, өткен жылы 1209 қоңырау түскен еді. Қоңырау шалушылардың бәріне білікті мамандардың психологиялық көмегі көрсетілді. Сонымен бірге, білім беру жүйесінің 148 маманы оқу семинарларына қатысты. Әлеуметтік педагогтар, медициналық қызметкерлер және басқа да мамандар арасынан 4 ауданда 206 адам үйрету курстарынан өтті.

Алматы қаласының Білім басқармасы жүйелі түрде интернаттық мекемелер қызметін анықталған тәртіп бұзушылықтарды көрсете отырып және олардың жойылуын бақылау ала отырып, мониторинг жүргізеді. Тексерубарысында мемлекеттік сатып алулар, еңбек заңнамасы, санитарлық және өрт нормаларының бұзылуы сынды тәртіпбұзушылықтар анықталды.

Нәтижесінде анықталған тәртіпбұзушылықтардың бәрі жойылды. Арнайы  (түзету) мектеп-интернаттардың бірқатар директорлары мен директор орынбасарлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Алматы қаласы әкімінің орынбасры ЕржанБабақұмаров балалардың сапалы білім және тәрбие алуы, тамақтануы, мекеме қызметкерлері тарапынан балаларға дұрыс емес қатынас орнатуын болдырмау, сонымен қатар, 29 жасқа жетпеген жетім балаларды баспанамен қамту  сынды мәселелерге баса назар аударды.

«Балалар – біздің болашағымыз. Интернаттық ұйым жетекшілері біздің балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне жеке басымен жауапты. Тәрбиленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін бұзу фактілерін жасыруға мүлде жолбермеу керек», - деп атап өткен Е.Бабақұмаров бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Қалалық Білім басқармасы мен білімжетекшілеріне тәртіп бұзушылықтардың алдыналу, интернаттық ұйым түлектерін жетекшілікжәне басқа да институттарды қатыстыра отырыпжұмысқа орналастыру мәселелері бойыншажұмысты күшейту тапсырылды. Бір ай ішіндежүргізілген жұмыстар және алдағы кезеңдегі атқарылуы тиіс міндеттер жөнінде қамқорлық кеңесін өткізу тапсырылды.

Алматы қаласы бойынша Білім саласын бақылау департаменті мен Қазақстанның балалар үйі түлектері ассоциациясына қалалық интернаттық ұйымдар көрсететін қызметтер сапасының межегесәйкес болуы жөнінде мониторингтік комиссия құру тапсырылды. Тексеруден бөлек, балаларарасында сауалнама да жүргізіледі. Сауалнамажүргізу барысында әкімшіліктің араласуына жолберілмейді. Тексерістердің әділ болуынқамтамасыз ету үшін ҮЕҰ мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері де қатысады.

Жүктелуде...