Алматы облысы, Іргелі ауылынан шыққан мектеп оқушысы Далабек Әбілмансұр Бельгияда өткен халықаралық баяншылар чемпионатынан бас жүлдемен оралды. Оны туғандары қақпадан шашумен қарсы алды.
Анасы шашумен қарсы алған сәтте бала:
– Асфальт қайда? Мен әлемнен бірінші орын алдым ғой, асфальт қайда?! – деп қалжыңдай сөйледі.
Бұл сөз жұртты күлкіге қарық қылып, дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке қатысты оқиғаны еске салды. Жеңісінен соң оның туған ауылына шұғыл түрде асфальт төселгені ел есінде.
Жас өнерпаздың анасы да әкімдікке қалжыңмен үн қатты:
– Акимат, бізге де асфальт төсеп беріңіздер! Спортпен бірге мәдениетке де қолдау көрсету керек, – деді ол.