Заңнама

Автокөлік тарихын қалай тексеруге болады?

«Автокөлік тарихы» сервисі іске қосылған сәттен бастап қазақстандықтар екі миллионнан аса көлік құралын тексерді, – деп newsroom.kz хабарлайды Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ пайдаланылған көлікті сатып алмас бұрын оны тексеру керек екенін ескертеді. Бұған немқұрайды қарауға болмайды, өйткені ол көптеген проблемадан сақтайды, сондай-ақ автокөліктің болашақ иесіне қосымша ақпарат береді.

Қазақстанда автокөлік тарихын онлайн-режимде көруге болады. Ішкі істер министрлігі іске қосқан «автокөлік тарихы» қызметі азаматтарға автокөлік сатып алғанда оның тарихы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді:

  • автокөліктің Қазақстанда алғашқы тіркелу күнін;
  • бұрынғы иелерінің санын;
  • кепілдіктер мен ауыртпалықтардың бар-жоғын, сонымен қатар басқа да мәліметтерді көре алады.

Қазіргі уақытта қызмет Smart Bridge-де орналасқан. Сервис «102» және Halyk Bank, Bereke Bank, CenterCredit, ForteBank мобильді қосымшаларында, сондай-ақ Aster.kz сайтында қолжетімді.

ІІМ «автокөлік тарихына» «бірыңғай сақтандыру деректер базасын» қосуды жоспарлап отыр. Бұл көліктің жол апатына ұшыраған-ұшырамағанын қосымша тексеруге мүмкіндік береді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.