Саясат пен билік

Президент сайлауына орай байқаушылардың әдеп кодексі әзірленді

Елімізде өтетін кезектен тыс президент сайлауына орай байқаушылардың Әдеп кодексі әзірленді. Бұл туралы елордада өткен брифингте Партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов айтты, деп newsroom.kz хабарлайды.

«Байқаушылардың Әдеп кодексі әзірленді. 3 қарашада барлық серіктестеріміздің, кандидаттардың республикалық штаб өкілдерінің басын қосуды жоспарлап отырмыз. Жалпы, тәжірибеде байқаушылардың өздері заң бұзушылыққа жол беретіні кездеседі. Алдағы өтетін кездесуде аталған құжатты талқылап, қабылдауды көздеп отырмыз. Одан кейін оны жұмыс істеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жібереміз», – деді Төлеген Күнәділов брифинг барысында.

Ол байқаушылар заңдылық пен ашықтықты сақтап, барлық кандидатқа бейтарап болуы тиістігін баса айтты. Сонымен қатар соңғы уақытта байқаушылар тарапынан сайлау үдерісіне қызығушылық артып келе жатқанын ерекше атап өтті.

«Егер 2010 жылғы сайлауға 29 мың адам байқаушы ретінде қатысса, 2019 жылы олардың саны 45 мыңға жетті. Ал 2021 жылы өткен парламенттік сайлауға 74 мың байқаушы тіркелді. Қоғамның қызығушылығы артып келеді. Азаматтық қоғам байқаушы ретінде көп қатысқан сайын азаматтардың таңдауы заңмен қорғала түседі», – деді орталық төрағасы.

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.