Саясат пен билік

ТМД байқаушылар миссиясы сайлау науқанын мониторингілеуге кірісті

ТМД байқаушылар миссиясы еліміздегі президент сайлауы науқанын мониторингілеуге кірісті. Бұл туралы ТМД Атқарушы комитеті төрағасының – атқарушы хатшысының орынбасары Ильхом Нематов айтты, деп newsroom.kz хабарлайды.

«ТМД байқаушылар миссиясы сайлау науқанын мониторингілеуге кірісті. Бүгін біз ұйымдастыру мәселелерін шешумен айналысатын миссия штабын ашамыз. Штаб өңірлерге қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді байқаушыларды бөлу, Қазақстанның сайлау заңнамасын бағалау мәселелерімен айналысатын болады. Миссия басшысы ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев болады. Маған миссиямыздың ашылуына қатысу тапсырылды», – деді ол Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингіде.

Оның атап өтуінше, миссия құрамына ТМД-нің барлық елінің өкілі, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының, Ресей-Беларусь одақтас мемлекетінің Парламенттік Ассамблеясының өкілдері, Астанада аккредиттелген дипломаттар және ТМД Атқарушы комитетінің қызметкерлері кіреді.

«100-ден астам адам болады. 10 адам – ұзақ мерзімді байқаушы. 100-ден астам адам қысқа мерзімді байқаушы. Ұзақ мерзімді байқаушылар келіп, аккредитациядан өтті. Қысқа мерзімді байқаушылар Қазақстанға сайлау қарсаңында екі-үш күн қалғанда келеді. Әрине, біз барлық аймақты және сайлау учаскелерін қамтуға тырысамыз. Байқаушылар сайлау учаскелеріне, аумақтық сайлау комиссияларына барады, сайлау науқанына дайындық барысын талқылайды», – деді Ильхом Нематов.

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.