Саясат

«Конституциядан Елбасы мәртебесі алынып тасталады» – Ерлан Қошанов

Конституция

Қазақстанда Тұңғыш Президент – Елбасы туралы заңды алып тастау жоспарланып отыр. Бұл Конституцияға сәйкес өзгертулер енгізілген соң жүзеге асады деп хабарлады newsroom.kz порталы.

Бұл туралы Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов айтты.

«Конституцияға өзгеріс енгізілген соң Елбасы мәртебесі алынып тасталады. Ата заңымызда Назарбаев тек елдің негізін салушы ретінде қалады. Бұл өзгеріс қабылданған соң Тұңғыш Президент туралы заң өз күшінен айырылады», – деді ол.

Сондай-ақ ол аталған нормаға қатысты халықтың ой-пікірі қалай ескерілуі мүмкін екенін де айтып өтті.

«Енді ол референдум бола ма, Парламент арқылы өте ме, болашақта шешілетін мәселе. Қазір Конституциялық кеңестен сол рәсімді біз өткізуіміз керек. Заңнамада экс-президент туралы норма бар. Бірінші Президентке де сол норма қатысты болады», – деді Ерлан Қошанов.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.