Саясат пен билік

AMANAT-қа ADALдық: Толықбай мен Мұқаев – жаңа саяси кеңестің құрамында

AMANAT

Бүгін AMANAT партиясы XXIII съезінің күн тәртібінде саяси кеңеске өзгеріс енгізу мәселесі қаралды деп хабарлады newsroom.kz порталы.

«Партияның жоғары өкілдік органының саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселені қарауды ұсынамын. Партия жарғысының №9.1 пункті бойынша, саяси кеңеске өзгеріс енгізу мәселесі партия съезінің айрықша құзыретіне жатады. Сіздердің қарауларыңызға AMANAT партиясының саяси кеңес құрамына Елдар Тынышбайұлы Жұмағазиевті, Мақсат Мәлікұлы Толықбайды, Дәулет Төлеутайұлы Мұқаевты енгізу мәселесі ұсынылады», – деді партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов.

Съезд делегаттары бұл ұсынысты да бірауыздан қолдап, дауыс берді.

Айта кетсек, былтыр сайлау науқаны кезінде құрылған ADAL саяси партиясы бүгін AMANAT партиясының құрамына ресми түрде қосылған еді. Ал Мақсат Толықбай мен Дәулет Мұқаев сол ADAL-дың белді мүшесі болатын. Екеуінің ендігі ұстанымы «Аманатқа – адалдық» болса керек.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.