Саясат пен билік

Торғай өңірін дамыту туралы мемлекеттік бағдарлама қабылдау керек – Берік Әбдіғалиұлы

Бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Newsrooom.kz порталы

«Торғай өңіріндегі адам саны күрт азайып кетті. Арқалықтың өзінде 30 мыңға жуық қана. Мүмкін соны есептеп облыс етпей жатқан шығар. Бірақ облыс болмаса да Торғай өңірінің дамуына арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдануы керек. Арқалық қаласы өте тозып кетті. Ғимараттары тозған, халықтың табысы азайған. Жолды реттеу керек. Арқалықтан Торғай арқылы Ырғыз, Ақтөбеге кететін үлкен трасса болса екен дейміз. Өнеркәсіпті де дамыту қажет», – деді Берік Әбдіғалиұлы.

Депутат осы айтылғандар жүзеге асқаннан кейін облысты қайта құруға болатынын айтады.

«Егер болашақта экономикасы реттеліп, зауыттар қайта соғылып, адам саны көбейіп жатса Торғай облысының да ашылу кезегі келеді. Арқалықта облыстық инфрақұрылым жақсы сақталып тұр. Орталық бола алады»,- деп пікір білдірді ол.

Еске салсақ, Президент Тоқаев 16 наурыздағы халыққа Жолдауында Ұлытау, Жетісу, Абай облыстары құрылатынын мәлімдеген. Одан кейін көпшілік Торғай облысын құру жөнінде де ұсыныстар айта бастады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.