Саясат пен билік

Өзбекстанның Денсаулық министрі Бехзод Мусаев Астанадағы медуниверситетке келді

Ректор Камалжан Надыров және АМУ ұжымы қатысты.

2021 жылғы 22 желтоқсанда Астана медицина университетіне Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Бехзод Мусаев бастаған Өзбекстаннан келген қонақтар жұмыс сапарымен келді деп хабарлайды АМУ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған newsroom.kz порталы. 

Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шаронов, ректор Камалжан Надыров және Астана медицина университетінің ұжымы қатысты.

Өзбекстаннан келген әріптестер үшін елордалық медициналық жоғары оқу орны қызметкерлері университет мұражайына экскурсия, сондай-ақ Өзбекстан азаматтары-студенттермен және оқытушы-профессорлар құрамымен кездесу ұйымдастырды.

Шараның ресми бөлігін ашқан Марат Шаронов Өзбекстанмен медицина саласындағы ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу Қазақстан үшін, әсіресе пандемия кезеңінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Бұдан әрі Марат Едігеұлы кездесуге қатысушыларды «Денсаулық сақтау саласындағы білім берудің жай-күйі мен даму перспективалары» тақырыбындағы баяндамасымен таныстырды.

Өз кезегінде, Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Бехзод Мусаев өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан – Өзбекстанның маңызды стратегиялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамуы медициналық білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлкен ықпал еткені атап өтілді. Ректор Камалжан Надыровтың айтуынша, қазіргі уақытта елордалық медициналық университетте Өзбекстанның 100-ден астам азаматы оқиды. Сонымен қатар, жыл сайын академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша Астана медицина университетінің білім алушылары мен оқытушы-профессорлар құрамы Самарқанд мемлекеттік медицина институты, Ташкент медицина академиясы, Ташкент қаласындағы «Ана мен бала скринингі «республикалық орталығы, Ташкент дәрігерлер білімін жетілдіру институты және басқалары сияқты Өзбекстанның жоғары оқу орындары мен медициналық ұйымдарына тәжірибе алмасуға барады.

Кездесудің қорытынды бөлімінде оқытушылар мен студенттерге сұрақтар қоюға мүмкіндік берілді және қонақтар мен университет басшылығы оларға толық жауап берді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.