Саясат

Дархан Қыдырәлі Президенті Садыр Жапаровпен кездесті

0
(0)

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Бішкек қаласында Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен кездесті деп хабарлайды академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған newsroom.kz порталы. 

Кездесу барысында тараптар түркі халықтары арасындағы мәдени және рухани байланыстарды одан әрі нығайту, ғылыми мұраларды сақтау және осы мақсаттарда өзара ынтымақтастықтағы іс-қимылдың маңыздылығы жөнінде пікір алмасты.

Президент Садыр Жапаров қырғыз-қазақ екіжақты қарым-қатынастарын нығайтуға және дамытуға әрқашан дайын екенін атап өтті.

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Академия басшысы Дархан Қыдырәлінің бауырлас халық арасындағы тату көршілік қарым-қатынастарды нығайту мақсатында Қырғызстанға жасаған сапарына ризашылығын білдіріп, Академия жұмысына жоғары баға берді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Халықаралық Түркі академиясының тұңғыш президенті ретінде Дархан Қыдырәлінің түркі халықтарының ғылым және білім беру қызметін дамытуға, сондай-ақ түркі тілдес елдердің мемлекет қайраткерлерінің бастамаларын қолдауға елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Өз кезегінде Дархан Қыдырәлі кездесуге мүмкіндік бергені үшін Мемлекет басшысына алғысын білдіріп, Халықаралық Түркі академиясының басым міндеттері мен жоспарлары туралы баяндады.

Ол Қырғызстанның мемлекет және саяси қайраткері Жүсіп Абдрахмановтың 120 жылдығына орай Халықаралық Түркі академиясы биылғы жылды Жүсіп Абдрахманов жылы деп жариялағанын хабарлады.

Дархан Қыдырәлі Академия келесі 2022 жылды қырғыз ағартушысы Ишеналы Арабаевтың құрметіне арнауды жоспарлап отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, ол Халықаралық Түркі академиясының қызметі туралы баяндап, ұйымда басып шығарылған кітаптардың біршамасы қырғыз тілінде шыққанын, атап айтқанда, «Манас» эпосы, энциклопедиясы және сөздігі жарық көргенін айтты.

Сондай-ақ, Дархан Қыдырәлі Академияның Жүсіп Абдрахманов жылына арналған көрме, екі мемлекеттің Мемлекеттік хатшыларының қатысуымен Алматы қаласында өткен маңызды конференция, 1925 жылғы  жарық көрген Қасым Тыныстановтың кітаптарын қайта басып шығару және т.б. ұйымдастырған іс-шаралары туралы айтып берді. Мұхтар Әуезов пен Шыңғыс Айтматовтың достығына арнайы жоспарланған конференция туралы хабарлады.

Кездесу соңында, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Президент Садыр Жапаровқа тілі, тарихы мен мәдениеті ортақ түркі халықтарының бауырластығын нығайтуға көрсеткен ілтипаты мен қолдауы үшін шын жүректен алғыс айтты.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button