Риддер әкімі Дмитрий Горьковой қайтыс болды, деп хабарлайды newsroom.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Әкімнің қайтыс болғаны туралы ақпарат Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде расталды.
«Бүгін қаламыздың әкімі Дмитрий Анатольевич Горьковой мезгілсіз қайтыс болды. Оның ауруханада жүрегі тоқтап қалғаны белгілі», – деп хабарлайды Риддер қалалық порталы.
Дмитрий Горьковой 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Риддер әкімі болып жұмыс істеді.
