Саясат пен билік

39 жастағы Әлім Байел Әзербайжанға Елші болды

Мемлекет басшысының жарлығымен Әлім Дәуренұлы Байел Қазақстанның Әзербайжандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп newsroom.kz хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

Айта кетсек, ​​Әлім Дәуренұлы Байел 1984 жылғы 16 қаңтарда дүниеге келген. Түркияның Анкара қаласындағы Таяу Шығыс техникалық университетін бизнес-әкімшілік мамандығы бойынша тәмамдаған.

Джордж Вашингтон университетінің мемлекеттік басқару саласындағы магистратурасын бітірген.

«Болашақ» бағдарламасының түлегі. Президенттік жастар кадр резервінің құрамында.

2008-2012 жылдары жекеменшік секторда жұмыс істеген.

2012-2014 жылдары Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің сарапшысы;

2014-2015 жылдары Түркі академиясының халықаралық қатынастар орталығының директоры;

2016 жылы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінде халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы;

2016-2018 жылдары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы, стратегиялық әзірлеу басқармасының басшысы;

2018-2020 жылдары Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің саяси мәселелерге жауапты бірінші хатшысы болып қызмет еткен. Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі болып тағайындалғанға дейін Ыстанбұлдағы Қазақстанның Бас консулы болып қызмет атқарды. II cыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.