Саясат пен билік

«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезі мен Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалиция форумының қорытындысын талқылау жалғасуда

Ақмола облысындағы партия мүшелерінің пікірінше, алдағы президент сайлауы елдің болашағын шешеді, сондықтан көпшілік оған үлкен үміт артып отыр, деп newsroom.kz хабарлайды.

«Біз халық сайлаған Президент халықтың мүддесін қорғайды және азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін жұмыс істейді деп сенеміз, сондықтан да сайлауға белсенді қатысамыз. Мұғалімдерге келетін болсақ, көп оң өзгерістер жасалды. Дегенмен елімізде мұғалім мамандығының беделін арттыру үшін әлі де атқарылар жұмыстар баршылық», – деді Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледжінің кәсіптік бағдар беру бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Ибраев.

Партия ардагері Жолдасбек Балғабаев алдағы сайлау қазіргі Қазақстан тарихындағы маңызды саяси қадам екеніне сенімді. «Менің ойымша, бәріміз 20 қарашада дауыс беру учаскелеріне келіп, сайлау құқығымызды жүзеге асыруымыз керек», – деді ол.

Соңғы саяси оқиғалар Батыс Қазақстан облысында Бәйтерек ауданына қарасты Махамбет ауылында талқыланды.

«Өзімді саясатта сарапшымын дей алмаймын, бірақ кандидаттың бірден бірнеше партиядан ұсынылуы біздің қоғамның бұрын-соңды болмаған бірлігін айғақтайды. Пікірлер әртүрлі болуы мүмкін, бірақ еліміз бір», – дейді мектеп мұғалімі Лунара Жалелова.

Өз кезегінде Ақтөбе қаласында «AMANAT» XXIV Съезінің делегаттары «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ базасында партия мүшелерімен кездесті. Партияның Саяси кеңесінің мүшесі Айнұр Бақтығалиева атап өткендей, алдағы сайлау азаматтық жауапкершіліктің көрсеткіші болады.

«Еліміздегі Президент сайлауы – бұл дер кезінде өтіп отырған іс-шара. Еліміздің тағдырына бейжай қарамайтын, Қазақстанды Тәуелсіз мемлекет ретінде дамытудың маңыздылығын түсінетін әрбір қазақстандықты өз таңдауын жасауға шақырамыз. Белсенді болып, дауыс беруге келіңіздер» – деді ол.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.