Саясат пен билік

Учаскелерде сайлаушылардың тұратын жерін анықтайтын онлайн сервис іске қосылады

Сайлау учаскелерінде азаматтардың нақты тұрғылықты жерін тексерудің онлайн сервисі ұйымдастырылады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді.

«Барлық сайлау учаскелерінде азаматтар өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгенін тексеруге құқылы. Барлығына өздерін сайлаушылар тізімінде тексеру бойынша SMS хабарламалар жібіреілді. Бұл дауыс беру күнінде түсетін өтініштер санын азайту үшін жасалды. Оған мемлекет тарапынан қосымша шығындар қарастырылды. Кешеден бастап екінші рет SMS хабарламалар жіберіп жатырмыз. Біз бүгін жергілікті атқарушы органдарға қате хабарлама алғандар болса, онда оларды анықтап қайта қарауын сұрап, өтініш жолдадық», – деп атап өтті Константин Петров.

Оның айтуынша, сайлаушылардың тізімі нақтыланғаннан кейін ол «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жіберіледі.

«Екінші ақпараттық хабарламалар дұрыс болуы керек. Егер қандай да бір қателіктер болса, оларды түзету қажет. Әр сайлауда біз дауыс берушілер тізімінен өзін таба алмайтын адамдар болатынын байқаймыз. Сондықтан, азаматтарға барынша ыңғайлы болу үшін біз сайлау учаскелерінде азаматтардың нақты тұрғылықты жерін тексерудің онлайн сервисін ұйымдастырамыз. Егер азамат басқа қалада тіркелген болса, оны сайлаушылар тізіміне енгізе алмаймыз. Ол үшін сайлаушы 30 күн бұрын өтініш басқа учаскеде дауыс беретінін растап, өтініш беруі тиіс», – деді Константин Петров.

Еске сала кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров алдағы сайлауды өткізу кезеңдерін түсіндірген болатын.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.