Саясат пен билік

«Аmanat» партиясының Мәжіліс депутаттары: Референдумда халық даусы шешуші рөл атқарады

«AMANAT» партиясының республикалық штаб мүшелерінің өңірлердегі кездесулері жалғасуда деп жазады newsroom.kz сайты.

Мәжіліс депутаттарыныңаймақтарға сапары бүгін Ақмола, Алматы, Маңғыстау облыстарында жалғасты.

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшелеріАсқарбек Үйсімбаев, Юлия Кучинская, Мәди Елубаев Бурабай ауданыныңКіндікқарағай ауылындағы сүт-тауарлыфермасының еңбек ұжымымен кездесті.

Онда халық қалаулылары сайлаушыларға референдумның мән-маңызын түсіндірді.

Депутаттардың айтуынша бұл науқан «Жаңа Қазақстан» құру жолындағы алғашқы нақты әрі батыл қадам. Өйткені, мемлекеттік құрлыстың құқықтық негізін құрайтын Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер халық талқысына шығарылып, барша қазақстандықтардың ой-пікірін ескере отырып, қабылданғалы отыр.

Біз болашақ даму жолымызды бүкіл ел болып бірлесе шешкелі отырмыз. Бұл қадам ел ертеңі үшін әрбір азаматтың ой-пікірінің қаншалықты маңызды екенін, жаңа мемлекет құруда өзінің де үлес салмағы барын сезінуге мүмкіндік береді. Сондықтан ортақ ұмтылысымыздың нәтижелі болатынына еш күмән жоқ, – деді депутат Асқарбек Үйсімбаев.

Депутаттар өзгеретін 33 баптың әрқайсына тоқталып, әсіресе, Президент пен Парламент өкілеттігіндегі жаңашылдықтарға айрықшаназар аударды.

Өз кезегінде, кездесуге қатысқан ферма қызметкерлері референдумды қолдайтындықтарын айтты.

Біз Президентіміздің «Жаңа Қазақстан» құру бағытындағы барлық бастамаларын білеміз. Бүгін осы тақырып төңірегінде мазмұнды әрі әсерлі әңгіме болды. Біз шағын ұжым болсақ та референдумға атсалысып, дауыс береміз. Президентті қолдаймыз, –деді мал дәрігері Бейсенбай Ахметов.

Ал Мәжіліс депутаттарыЕділ Жаңбыршинмен Самат Мұсабаев Мұнайлы ауданының жұртшылығымен кездесті.

Жиында депутаттар референдумның маңыздылығына тоқтала келе, халық даусының шешуші рөл атқаратынын, оған әр азаматтың атсалысуы керектігін атап өтті.

Референдумға қатысып, конституциялық реформаларды қолдауымыз керек. Ол біздің жүрек қалауымызбен үндес. Сондықтан тұрғындар оның мән-маңызын жете түсіне білуі қажет, – деді ардагер Қалнияз Оңдабаев.

Алматы облысының, Қарасай ауданында Мәжіліс депутаттары Данияр Әлімбаев пен Мақпал Тәжмағанбетова да халықпен жүздесті. Оған аудан ақсақалдары, қоғамдық пікір көшбасшылары, денсаулық сақтау, білімберу ұйымдары, кәсіподақтар өкілдері мен журналистер қатысты.

Халық қалаулыларының пікірінше, ел тағдырын анықтайтын реформаларға тек депутаттар ғана емес, бүкіл халық ат салысуы қажет.

 

 

Тілші БАЛА

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.