Саясат пен билік

Қарақат Әбденнің ел өңірлеріндегі үгіт-насихат жұмыстарының нәтижелері талқыланды

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Қарақат Әбденнің сайлауалды штабында ел өңірлеріндегі үгіт-насихат жұмыстарының нәтижелері талқыланды, деп newsroom.kz хабарлайды.

Штаб басшылығы мәлімдегендей, үгіт-насихат жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. «Жиында сайлауалды жұмыстарының нәтижелері бойынша есеп берілді. Қарақат Әбден еліміздің 8 облысында 30-дан астам кездесу өткізді. Сайлаушылар тарапынан көптеген сауалдар мен ұсыныс келіп түсті. Сұрақтардың басым бөлігі әлеуметтік проблемаларға қатысты. Сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру мен бала тәрбиесі жайлы өзекті мәселелер көтерілді. Өңірлік штабтар олардың барлығын бақылауға алды. Жалпы, сайлау – бұл демократиялық қоғамның көрінісі. Сайлауалды штабтарға үлкен жауапкершілік жүктелген. Сондықтан сайлау мен үгіт-насихат жүргізу бойынша біз озық халықаралық тәжірибені саралай келе, жұмыстың ауқымын кеңейтіп жатырмыз. Біз үшін кандидаттың мықты саяси тұстарын көрсете білу маңызды. Бұл өз алдына үйлесімді ұжымдық жұмысты талап етеді. Сондықтан сайлауалды штабтарымызда өз ісін жақсы білетін мамандар, патриоттар мен мүддесі ортақ азаматтар еңбек етіп жатыр. Бізді біріктіретін ортақ мақсат – ел игілігі үшін жұмыс істеу», деді кандидаттың баспасөз хатшысы Еламан Төлепберген.

Алдағы уақытта Қарақат Әбден Түркістан және Жамбыл облыстарының сайлаушыларымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.