Саясат пен билік

Нұрлан Әуесбаев Қазақстанның сыртқы саясатына қатысты сауалға жауап берді

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан ҚР президенттігіне кандидат Нұрлан Әуесбаев Казахская және Дүкенұлы көшелері қиылысында орналасқан елордалық жатақханада тұрғындармен кездесу өткізді, деп newsroom.kz хабарлайды.

Іс-шара барысында кандидат жиналған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде түсіндірді. Сондай-ақ, қоғамды алаңдатқан сұрақтарға жауап берді.

Қазақстанның сыртқы саясатына қатысты сауал да қойылды. Нұрлан Әуесбаевтың пікірінше, үкімет басқа мемлекеттер біздің есебімізден байып, адал емес бәсекелестікте зиян келтіруге тырысқан жағдайда қатаң ойын ережелерін орнатуға тиіс. Кандидат стратегиялық салаларда Қазақстан қалыпты протекционизмді ұстану қажет деп есептейді.

Кандидат Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмысымен Қарағанды, Ақтөбе және Ақмола облыстарында, Алматы мен Шымкент қалаларында болды.

Үміткердің сайлауалды бағдарламасын насихаттау, халыққа түсіндіру мақсатында республика бойынша 21 штаб жұмыс істеп тұр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.