Саясат пен билік

Серікқали Брекешев Қазақстан-Финляндия үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысына қатысты

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев осы күндері Финляндия астанасы Хельсинкиде өтіп жатқан сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Финляндия үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысына тең төраға ретінде қатысты. Үкіметаралық комиссияның фин тарапынан тең төрағасы – Финляндия Республикасының Сыртқы сауда және халықаралық дамуға жәрдемдесу министрі Вилле Скиннари, деп newsroom.kz хабарлайды.

Біздің елдеріміз екіжақты тауар айналымын арттыру үшін айтарлықтай әлеуетке ие.  Тауар айналымын ұлғайту мақсатында қазақстандық тарап Қазақстаннан Еуропалық Одаққа экспортталатын өнімдерге «СЕ» белгісімен сертификат алу бойынша бірлескен шараларды әзірлеуге дайын екенін білдірді.

Сондай-ақ, фин ормандары ел аумағының шамамен 76%-ын алып жатқанын және ормандарды кесу бойынша іс-шараларды өткізу тәжірибесін ескере отырып, экология министрі фин тарапына ағаш шикізаты мен басқа да орман өнімдерін алу үшін жоғары өнімді дақылдар-плантациялар құруға мүмкіндік беретін плантациялық орман шаруашылығы жобаларын іске асыруға қатысуды ұсынды.

Серікқали Брекешев IT-сектордағы ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытып отырғанымызды атап өтті:

«Біз агроөнеркәсіп, отын-энергетика және тау-кен металлургия кешендерін цифрландыру саласындағы ең үздік шешімдерді енгізу бойынша тәжірибе алмасуға, сондай-ақ қауіпсіздік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында ақылды технологияларды енгізу шеңберінде қолайлы қалалық орта құру бойынша бірлескен шараларды жүзеге асыруға мүдделіміз»

Сонымен қатар, Финляндия Скандинавиядағы ең ірі көлік тораптарының біріне ие, сондай-ақ екі елдің транзиттік әлеуетін пайдалану контекстінде Скандинавия өңіріндегі қазақстандық негізгі әріптес болып табылатынын атап өту қажет.  

Осыған байланысты қазақстандық тарап транзитті дамыту және логистикалық қызметтерді, теміржол көлігін, әуе көлігін ұйымдастыру, сондай-ақ көлік және логистика саласында цифрлық технологияларды енгізу бойынша бірлескен жобаларды іске асыруды ұсынды.

Өз сөзінің соңында С. Брекешев:

«Біз елдеріміздің бизнесі арасында байланыс орнату үшін алаң құра алдық деп үміттенемін. Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалғанын ескере отырып, фин компанияларын бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырамыз», – деп мәлімдеді.


Финляндия тарапы Қазақстанның климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі қаржы министрлерінің коалициясына қосылу туралы шешімін жоғары бағалады және тараптар одан әрі ынтымақтастыққа үміт білдірді. Тараптар екі ел арасындағы әріптестік пен іскерлік мүмкіндіктерді ілгерілетудегі тұрақты үкіметаралық келіссөздердің рөлін оң атап өтті, тығыз байланыстарды жалғастыруды жақтады және келесі кездесу Қазақстанда 2024 жылы өтетінін мәлімдеді.

Кездесу нәтижесінде экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-фин үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысына орай бірлескен декларацияға қол қойылды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.