Саясат пен билік

Дайрабаевқа жарияланған петицияға байланысты Қошанов жауап берді

Журналистер бүгін мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтан депутат Жигули Дайрабаев туралы сұраған. Таяуда Дайрабаевтың отставкасын талап еткендер петиция жариялаған еді, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Жуырда мәжілісмен Жигули Дайрабаевтың мандатын қайтарып алуды талап еткен петиция жарияланды. Оған депутаттың жемқорлық үшін шартты түрде сотталған ұлдары мен жер дауы себеп болып отыр.

Дайрабаевқа келер болсақ, ол депутаттығын тікелей өзіне қатысты заңды мәселе туындап тұрған жоқ қой!? Балаларына қатысты мәселе. Сондықтан, ел аузында жүрген депутаттардың балалары, туыстары ашық кеңістікте.Барлығын микроскоппен қарап отырады. Сондықтан әрбір шалт басқан қадамы жария болады, – деді Ерлан Қошанов.

Ол  “егер заңбұзушылық депутат Дайрабаев тарапынан болса, бірінші кезекте «Ауыл» партиясы өз шешімін қабылдауы керек деп есептейтінін” айтты.

Осы орайда тілшілер мәжілістің репутациясына зиян келмей ме деп сұрады. «Зиян келтірмейді деп санаймын», – деп қысқа қайырды спикер.

Еске сала кетейік,  өткен айда депутаттың екі ұлы, атап айтқанда Марат Дайрабаев және Дидар Молдақалықтардың  субсидиялау қағидаларын бұзып, сатып алынған «Альбион» құлпынай көшеттерін жеке мақсаттарына пайдаланғаны анықталған болатын. Сот шешімімен Дайрабаевтың екі ұлының мүлкі тәркіленіп, басшылық лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылған. Сонымен қатар 5 жылға шартты түрде сотталды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.