Саясат

Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Джо Байденмен кездесті

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі америкалық тараппен жоғары деңгейдегі екі байланыстың жүргізілгені туралы хабарлайды newsroom.kz порталы.

Атап айтқанда, 2022 жылғы 4 сәуірде Ақ үйдегі хаттамалық іс-шара барысында Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев АҚШ президенті Джозеф Байденмен қысқаша әңгіме өткізді, оның барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздерін жеткізіп, Қазақстанның АҚШ-пен кеңейтілген стратегиялық әріптестікті ілгерілетуге бейілділігін атап өтті.

Өз кезегінде, америкалық көшбасшы екі елдің екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша сындарлы әріптестігінің жалғасуын құптады.

Сондай-ақ, Қазақстан СІМ мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының қолдауымен кәсіпкерлер мен Қазақстанның банк секторының өкілдері, сондай-ақ ҚР-да филиалдары бар шетелдік компаниялар үшін санкциялық мәселелер бойынша кезекті қазақстандық-америкалық онлайн-консультациялар өткізді.

Іс-шараның мақсаты АҚШ санкцияларының қазақстандық бизнес пен екінші деңгейдегі банктердің қызметіне абайсызда әсерін, сондай-ақ сыртқы саудаға теріс әсерін барынша азайтуға бағытталған.
Америкалық дипломаттар АҚШ-қа енгізілген санкциялар, бизнесті жүргізу ерекшеліктері және Санкциялар режимі жағдайында серіктестермен жасалатын операциялар туралы толық түсінік берді.

 

 

 

Тілші бала

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.