Саясат пен билік

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық штабы Солтүстікқазақстандық шаруаларымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы Солтүстік Қазақстан облысының шаруаларымен кездесті, деп newsroom.kz хабарлайды.

Штаб мүшелері «Петерфельд Агро» өндіріс базасында облыс шаруаларының және ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерінің мәселелерімен танысты. Іс-шара барысында кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасында көрсетілген, алдағы жеті жылда ауыл шаруашылығын дамытуға арналған шаралар талқыланды.

– Соңғы үш жарым жылда Қазақстан ауыр сын-қатерлермен бетпе-бет келді. Пандемия, қасіретті қаңтар оқиғасы, бүгінгі геосаяси ахуал еліміздің дамуына өз салдарын тигізді. Соған қарамастан біз Тәуелсіздігімізді сақтап, мемлекеттілігімізді нығайтып, бірлігімізді арттыра түстік. Қазіргі таңда еліміз жаңа Әділетті Қазақстан құру жолындағы тарихи кезеңге қадам басып отыр,- деді республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ штаб мүшелері Бескөл ауылында жұртшылықпен кездесіп, өңірлердің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бастамаларды талқылады.

Петропавл қаласындағы «Kozybayev University» университетінде өткен жастармен кездесуде штаб мүшелері еліміздің барлық жас азаматын өз қабілетін толық жүзеге асыруға шақырды. Штаб мүшелері әсіресе әлеуметтік-экономикалық тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге қатысты сайлау алдындағы бастамаға баса назар аударды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.