Саясат пен билік

Түркияның вице-президенті Түркістанда не істеп жүр?

Түркия вице-президенті Фуат Октай Түркістанда

Түркия вице-президенті Фуат Октай ресми іс-сапармен барған Нұр-Сұлтандағы байланыстарының артынан қасиетті Түркістан қаласына өтті деп хабарлайды Newsroom.kz порталы trt.net.tr сайтына сілтеме жасап

ТР Вице-президенті Түркістан сапары аясында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті Кеңес төрағасы, профессор Мухиттин Шимшекпен бас қосты.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттеріне үн қатқан Фуат Октайға университет Сенатының шешімімен білім мен ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін «Құрметті профессор» академиялық атағы табыс етілді.

Октай: «Сіздердің университеттеріңіздің «Құрметті профессоры» атандым. Университет қалашығына ағаш отырғыздым. Мен де бұл университет ұжымының бір мүшесі болдым» – деді.

ТР Вице-президенті Октай қасиетті Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, дұға оқыды. Сондай-ақ Октай Қазақстан тарихын баяндайтын 8Д «Алтын Самұрық» театрына да барды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.