Саясат

Мұғалімдер қайтті? Аймағамбетов партия басқаруы мүмкін дейді

3.3
(12)

2019 жылдың маусым айынан бері Білім және ғылым министрлігін басқарып келген Асхат Аймағамбетов Nur Otan партиясы Төрағасының І орынбасары болып кету мүмкін…

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа қызметке тағайындалуы мүмкін деген ақпарат тарады. Оған сәйкес, қазіргі министр Nur Otan партиясына баруы ықтимал деп хабарлайды Экспресс К сайтына сілтеме жасаған newsroom.kz.

Кейбір дереккөздердің ақпараты бойынша, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің басқа қызметке кетуі ықтимал. Бұл жағдайда осы қызметке қазіргі Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тағайындалуы мүмкін, – деп жазады Yedilov Online телеграм каналы.

Асхат Аймағамбетов 2019 жылдың маусым айынан бері Білім және ғылым министрлігін басқарып келеді. Ал Бауыржан Байбек екінші рет партия төрағасының орынбасарының қызметін атқарып жүр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.3 / 5. Бағалар саны: 12

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button