Саясат

ЕЭО Үкіметаралық Кеңесі Нұр-Сұлтанда өтті

ЕЭО Үкіметаралық Кеңесі Нұр-Сұлтанда өтті

2022 жылы 24-25 ақпан арасында Қазақстан елордасы Нұр-Сұлтанда Еуразия Экономикалық Одағы Үкіметаралық Кеңесінің жиналысы өткізілді деп хабарлайды Newsroom.kz порталы trt.net.tr сайтына сілтеме жасап

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайыловтың үй иесі болуымен өткен жиналысқа Беларусь, Армения, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан үкімет басшылары қатысты. Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов Еуразия Экономикалық Одағы жиналысына бақылаушы ретінде қатысты.

Мынаны айта кетейік, Еуразия Экономикалық Одағының Қазақстандағы жиналыстары бұрын Алматы қаласында өтетін. Қаңтар оқиғаларынан кейін Еуразия Экономикалық Одағы Үкіметаралық Кеңесінің жиналысы Қазақстанның елордасында өтті.

Жиналыстың басты тақырыбы пандемиядан кейінгі кезеңде Еуразия Экономикалық Одағының экономикалық жағдайы мен ынтымақтастық орайлары, инфляция, геосаяси дағдарыстар, Ресей мен Беларусьқа атқарылған санкциялардың одаққа мүше елдерге әсері қатарлыларды қамтыды. Жиналысқа қатысқан үкімет басшылары Еуразия Экономикалық Одағына мүше елдер арасындағы өзара сауданың артуына ризалықтарын жеткізді. Жиналыста білдірілген санаққа қарағанда 2021 жылы одаққа мүше елдер арасындағы өзара сауда мөлшері пандемиядан бұрынғы кезеңнен 18 пайыз артқан.

Жиналыс соңында одақ шаңырағы астында азаматтық ұшақтарды бірлесіп өндіруді дәріптеген өнеркәсіп ынтымақтастығын дамыту келісімі мен Өзбекстанның одақтың кейбір іс-шараларына қатысуын қамтыған 11 келісімге қол қойылды. Еуразия Экономикалық Одағы кезекті төрағалығы Қазақстаннан Қырғызстанға өтті. Келесі Үкіметаралық Кеңестің жиналысы 2022 жылы 21-22 маусымда Беларусьтың Брест қаласында өткізіледі.

2022 жылы 25 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аталмыш жиналысқа қатысқан үкімет басшыларын қабылдады. Тоқаев қабылдаудағы сөзінде қазіргі геосаяси шарттарда Еуразия Экономикалық Одағының міндеті ауыр екенін айтты. Жиналысқа қатысқан үкімет басшылары қазіргі жағдайға байланысты көзқарастарын бөлісті.

2010 жылы Ресейдің басшылығында құрылған және экономикалық өсуді дәріптеген Еуразия Экономикалық Одағы қазір Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдерден бесеуін ғана қабылдады. Еуразияда геосаяси жағдайдың Ауғанстан дағдарысы, Украина дағдарысы сияқты мәселелер себепті тұрақты болмауы, одаққа мүше елдер Беларусь, Армения, Қазақстан, Қырғызстандағы саяси шайқалыстар Еуразия Экономикалық Одағының іс-шараларына нашар әсер жасауда. Ресейдің Украинаға шабуыл жасауымен шиеленіскен Ресей мен батыс елдері дағдарысы және санкциялар себепті Еуразия Экономикалық Одағын ауыр күндер күтуде.

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов жиналыста «Әр бір ел ұлттық мүддесін және ұлттық нарқын қорғауға талпынуда. Әсіресе экономикалық шарттарда болашаққа бағытталған стратегиялық мәртебені белгілеу және ұлттық мүдделермен үйлестіру процесіндегі тура тепе-теңдікті табу маңызды» деді.

Шындығында одаққа мүше елдердің ұлттық мүдделерін үйлестіру процестері арасындағы тепе-теңдік қамдалуы қажет. Одақтың электрондық үкімет, жасыл экономика, қатынас, жаңаланатын энергия сияқты салалардағы ынтымақтастықты бекемдеуі, үшінші елдермен ынтымақтастық жасау, мүше елдердің одақтың мақсаты мен міндетін атқаруы қиын жағдайдан өтуге көмекші болады.

Мынаны да айта кетейік, Зерттермендер айтқандай, Еуразия Экономикалық Одағындағы басты мәселенің бірі үйлестіруден түскен пайданың тең бөлісілмеуі. Одақтың жұмыс механизміндегі осындай кемшіліктердің оңалуы одақтың болашағы үшін өте маңызды болып табылады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.