Саясат пен билік

Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Президентке Мәжілістің VII шақырылымының екінші сессиясында атқарылған заң шығару жұмыстары туралы мәлімет берілді деп жазады amanatpartiasy.kz сілтеме жасаған newsroom.kz. 

Парламенттің төменгі палатасының спикері қабылданған бірқатар заңның Мемлекет басшысы ұсынған реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Ерлан Қошановтың айтуынша, қазіргі уақытта депутаттар халықпен кездесулер өткізіп, жергілікті жерлердегі ахуалмен танысу үшін өңірлерге аттанған. Олар азаматтардың көтерген маңызды деген проблемаларын зерттеп, жүйелейді. Содан кейін Үкіметпен бірлесіп бұл мәселелерді шешетін болады.

Мәжіліс төрағасы Президентке Парламенттің төменгі палатасы жұмысының жаңа форматы, соның ішінде Қоғамдық палата құру жөнінде айтты.

Бұдан бөлек Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа «АMANAT» партиясының қоғамдағы әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуге және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстары туралы баяндады. «Жер аманаты» жобасы аясында пайдаланылмайтын және ауыл шаруашылығы мақсатындағы заңсыз берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Партия Үкіметпен бірлесіп, «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда. Ауыл тұрғындары бөлшек сауда желісінің талаптары мен тұтынушылардың сұранысын ескере отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі жаңа құзыреттерді үйренеді. Осы ретте тұрғындар саны 7,7 миллион адам болатын 2400 ауылдық округті қамту жоспарланып отыр.

Сонымен бірге Мәжіліс төрағасы Мемлекет басшысына 23-24 маусым аралығында Чолпон-Ата қаласында өткен Түркі тілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының XI пленарлық отырысына қатысқан Қазақстан делегациясы жұмысының қорытындысы туралы баяндады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.