Саясат пен билік

700 мың Маңғыстау халқының тағдырын тәлкек еткендер жауап берсін – Самат Мұсабаев

Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев Үкімет басшысы, бас прокурорға Маңғыстау облысындағы  «Қошқар Ата» ойпатында орналасқан әлемдегі ең үлкен радиоактивтік қалдықтар қоймасын рекультивациялау туралы сауал жолдады, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Бүгінгі біздің депутаттық сауалымыз басталмай жатып бір емес екі рет тоқтатылған, бөлінген миллиардтаған қаражат бір емес, екі рет игерілмеген, Президентіміздің Үкіметке берген тапсырмасы да орындалмаған, Парламент мінберінен бірнеше рет депутаттық сауалмен көтерілген,премьер-министрдің бірінші орынбасарының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы хаттамасы да орындалмаған – Маңғыстау облысындағы  «Қошқар Ата» ойпатында орналасқан әлемдегі ең үлкен радиоактивтік қалдықтар қоймасын рекультивациялау жұмыстары болып отыр. 700 мың Маңғыстау халқының тағдырын тәлкек еткен жауапты мемлекеттік тұлғаларға тексеріс жүргізіліп, қатаң жауапқа тартылуын талап етеміз, – деді Самат Мұсабаев.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.