Саясат пен билік

Ресей Қазақстанға неліктен ашуланды?

«Қазақстан сенімсіз одақтас, оның басшылығы екі жүзді, Ресей бұл мемлекетпен қарым-қатынасын қайта қарауы керек»деп хабарлайды newsroom.kz порталы Oinet.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы 31 наурызда МГИМО әскери-саяси зерттеулер орталығының жетекші сарапшысы Михаил Александров айтты.

Еске салайық, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов EURACTIV-ке берген сұхбатында Қазақстан Ресей Федерациясын қолдамайтынын және Ресейге қарсы санкциялар режимін сақтауға ниетті екенін мәлімдеген.

«Сүлейменовтің Қазақстан Ресейдің «ЕО мен АҚШ-тың салған санкцияларын айналып өту құралы болмайды» деген мәлімдемесі Қазақстан басшылығының бұрыннан келе жатқан екіұштылығын көрсетеді», – деді сарапшы.

Қазақстан қиын жағдайда сенуге болмайтын сенімсіз одақтас, деп атап өтті саясаттанушы.

«Бұл жағдайда да Қазақстан Батыспен байланысын сақтап қалуға тырысады, дегенмен ЕАЭО Батыспен енді бір режимде жұмыс істей алмайтыны анық. Демек, Қазақстан кіммен – Ресеймен бе, Батыспен ме, соны таңдауы керек. Егер бұл елдің Ресейге қарсы Батыс санкцияларынан кейін осы елге ілесуге ниетті екені белгілі болса, Мәскеу Қазақстанға экономикалық жеңілдіктер беруді тоқтатуы керек», – деп түйіндеді саясаттанушы.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.