Саясат пен билік

Қарақат Әбден Павлодар қаласының ұстаздарымен кездесті

ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбден Павлодар қаласының сайлаушылармен кездесу өткізді, деп newsroom.kz хабарлайды.

Павлодар қаласының «Дарынды балаларға арналған музыкалық колледжінде» өткен сайлауалды жиында Қ.Әбден ұстаздармен жүздесіп, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

«Студенттер, білім алушы жастар – еліміздің болашағы, ал ұстаздар – қоғамдағы орны ерекше тұлғалар. Сондықтан Павлодар қаласындағы сайлауалды жиын осы білім ордасында өткізуді жөн көрдік», – деп жеткізді Қарақат Әбден.

Оның айтуынша, сайлауалды бағдарламада білім беру саласын жетілдіруге көп көңіл бөлінген. Әсіресе, білім алушылар үшін жоғары білімнің тегін болуы, олардың жатақханамен, инновациялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі аса өзекті. Жиын барысында орта техникалық білім беретін мұғалімдерінің мәртебесін арттыруға қатысты сұрақтар мен ұсыныстар талқыланды.

Бұдан бөлек, Қарақат Әбден өзінің Павлодар қаласындағы сенімді өкілдерімен өкілдерімен кездесті. Үміткердің бұл өңірдегі сайлауалды штабында 200-ден астам волонтер жұмыс істейді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.