Саясат пен билік

Нұрлан Әуесбаев құрылысшылармен кездесті

Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Астана қаласының құрылысшыларымен кездесті. Оларға «Жалпыұлттық социал-демократилық» партиясы туралы қысқаша мәлімет беріп, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды, деп newsroom.kz хабарлайды.

Жұмысшылар саладағы өткір тұрған мәселелерді көтеріп, сұрақтарын жолдады. Нұрлан Әуесбаев айтылған проблемаларды қағазына түртіп алды. Кандидат бұған дейін саяси науқан алдындағы үгіт-насихат жұмыстарымен Қарағанды, Ақтөбе және Ақмола облысына барған болатын. Бұл шараларға ірі мегаполистер мен облыстардағы жақтастары да атсалысып жатыр.

Айта кетейік, кандидаттың сайлауалды бағдарламасы бойынша 50-ден аса іс-шара өткізу жоспарланған.

– Қарапайым жұмысшылар әр түрлі саланың, әр түрлі компанияның жұмысшылары келіп, өз мәселелерін айтты. Шынында да өте тартысты, тартымды өтті. Ашық пікірталас болды. Ендігі жоспар біз оңтүстікке қарай. Батыста болдық, осы Ақмола облысының айналасының барлығын араладық, – деді Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.