Өңір тынысы

Ақтөбедегі 180 млн теңгеге салынған саябақ аңғал-саңғал

саябақ

Ақтөбеде 180 млн теңгеге салынған саябақтың бірнеше айда талқаны шықты. Есет батыр ықшам ауданында күзде салынған саябақ қыстың соңына дейін шыдас бермеген деп хабарлады newsroom.kz порталы «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

Айта кетсек, былтыр күзде тұрғызыла бастаған саябақ желтоқсан айында пайдалануға берілді. Оның құрылысы үшін «КаНур Строй Сервис» ЖШС мердігер компаниясына 180 млн теңгеден аса қаражат бөлінген. Көп ұзамай, тас төсеуіштер опырылып, шамдар қисайып, қоқыс тастайтын жәшіктер сынған. Бұзақылар орындықтар мен әткеншектерді талқандап кеткен. Енді тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының қалалық бөлімі мердігерге барлығын түзеуді бұйырып отыр.

«Саябақ Есет батыр ескерткішінің маңында, «Дина» супермаркетіне қарсы бетте орналасқан. Ұзындығы – 600 метр. Мердігерлер тас төсеуіштер төсеп, декоративті жарықтар, суару жүйесін, жарықшамдар, орындықтар, әткеншектер орнатты. Бірнеше балалар алаңын ұйымдастырды. Бүгін мердігерлік ұйым тротуар плиталарын, жарықшамдарды, саябақ жиһазын қалыпқа келтіріп жатыр. Жақында көгалдандыруды бастайды», – деді Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қалалық бөлімі секторының орынбасары Жомарт Бақыткелді.

Бұл ретте «КаНур Строй Сервис» мердігерлік ұйымы барлығын өз есебінен қалыпқа келтіреді, бюджеттен бірде-бір тиын бөлінбейді.

«Біз жұмысты өткен жылдың күзінде бастап, 31 желтоқсанда өткіздік. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты кемістіктер болды, бірақ 2 жылдық кепілдік бар. Сондықтан біз міндетті түрде барлығын өз есебімізден қалыпқа келтіреміз», – деді «КаНур Строй Сервис» ЖШС өкілі Алмат Қайдасов.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.