Өңір тынысы

Шымкенттегі этноауылдағы өрт неден шықты?

«Шымқала» этноауылы биыл пайдалануға беріліп, құрылысына мемлекеттік бюджеттен 175 млн теңге бөлінген еді

Шымкентте «Шымқала» этноауылы өртке оранды. Оқыс оқиға өткен түні сағат 1-лер шамасында болған. Қызыл жалыннан аумақта орналасқан 80 шаршы метр бастырма мен 8 шаршы метр қораның қамыс төбесі күлге айналған. Тілсіз жау жарты сағатта сөндірілген. Зардап шекендер мен қаза тапқандар жоқ. Аумақтағы күзетшілер өрт тұтанған кезде бөгде адамды көрмегенін айтқан. Ал төңірекке бірде-бір бейнебақылау камерасы орнатылмаған екен, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.
«Бұның маған күдік тудыртып жатқан бір себебі, мынау қамыстар оның үстіне жаңағы обработкасы жасалған жанбайтындай. Ол тек қатты бір интенцивті жалынан жанбаса, былай темекінің несінен жанбайды ол. Ол тұтатылып тұрады дымқылданып, сосын өзі өшіп қалады. – Әдейі өртеуі мүмкін ба? – Әдейі өртеуі мүмкін, бек мүмкін. Оны енді тергеушілер, экперттер келіп шешеді»,-деді қалалық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының директоры Бейбітжан Муслимов.

Айта кетерлігі, «Шымқала» этноауылы ағымдағы жылы пайдалануға берілген. Оның құрылысына мемлекеттік бюджеттен 175 млн теңге бөлініпті. Жауаптылардың сөзінше, оқыс оқиғадан келген шығынның көлемі орта есеппен 3-4 миллион теңге болуы мүмкін. Өрттің нақты неден тұтанғаны жөнінде тиісті мамандар тексеру жүргізіп, 10 күннің шамасында нақты жауабын айтады. Ал этноауыл басшылығы полицияға шағым түсірген.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.