Өңір тынысы

Түркістан облысы: жел мен селден зардап шеккендерге көмек көрсетіледі

Түркістан

Биыл 24 сәуірде Түркістан облысының Қазығұрт, Сарыағаш аудандарында жауын-шашын мен Кентау қаласында қатты жел болып, оның соңы табиғи апатқа ұштасты деп жазды newsroom.kz порталы.

 Құтқару жұмыстарына облыстық ТЖД-ның және жергілікті атқарушы органдардың 100-ден аса қызметкері жұмылдырылды. Олар 15 техника, 13 мотопомпа күштерімен суды сору және арықтарды тазалау жұмыстарын жүргізді.

Табиғи апат салдарынан 50 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала есеп бойынша, 53 үйдің ауласына, 19 үйге, 1 мейрамхана мен 16 ғимаратқа су кіргені анықталды. Сонымен қатар, 370 бас мал шығыны болған.

Бұл жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің төрағалығымен арнайы комиссия құрылды.

Түркістан

Енді апат салдарына облыстық бюджеттің резервтік қорынан қаржы қаралып, төмендегідей көмек көрсетілмек:

  1. Үй жануарларының шығынына ережеге сәйкес өтемақы төленеді;

  2. Тұрғын үйлер қайта қалпына келтіріледі;

  3. Ғимараттар мен тұрғын үйлердің шатыры қалпына келтіріледі;

  4. Шаруашылық ғимараттарды қалпына келтіруге көмек көрсетіледі.

Қазір комиссия тарапынан шығындар көлемі есептеліп жатыр. Барлық зардап шеккендерге толық көмек көрсетілетін болады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.