Өңір тынысы

Мейрам Қажыкен «Көкжиек-2030» Тараз сүт зауытына барды

Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкен «Көкжиек-2030» Тараз сүт зауытына барып, кәсіпорын ұжымының ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Тараз және жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелер – қоршаған ортаның ластануы, азық-түлік бағасының өсуі, әлеуметтік төлемдер, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу.

«Ірі кәсіпорындар жеңілдіктер алады, электр энергиясын төмендетілген тариф­термен төлейді, ал біз көбірек төлейміз. Бағалар өсіп жатыр. Инфляция, жалақы, су, газ, жарық үшін төленуі керек! Бірақ бізге өнімнің бағасын ұстап тұру керек дейді. Ал ірі бизнес басшылығына неге бұлай айтылмайды?», – деді кәсіпорын директоры шағын және орта бизнеске қатысты әділетсіздікке шағымданып.

«Ірі компаниялар экологиялық заңнаманы, шарт­тардағы өз міндеттемелерін жиі бұзады. Зауыттардағы жабдықты жөндеуден немесе жаңартудан гөрі оларға айыппұл төлеу оңайырақ. Өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған заманауи тазарту қондырғылары қымбат, сондықтан олар орнатылмайды. Ал ауаның, топырақтың ластануы, адамдарды әртүрлі ауруларға душар етеді. Менің ойымша, айыппұл сомасын ұлғайту, заңнаманы қатаңдату, шарттардың барлық тармақтарының орындалуын міндеттеу және бақылау қажет», деді М.Қажыкен.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.