АймақтарАлматы қаласы

Аида Балаева Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесті

0
(0)

15 қазанда Алматы қаласында Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру шеңберінде қоғамдық бақылауды заңнамалық бекіту мәселелері бойынша тәсілдер мен ұсыныстар, сондай-ақ квазимемлекеттік секторда қоғамдық кеңестер құруға қатысты қоғамдық кеңестер институтын жетілдіру мәселелері талқыланды.

Аида Балаева өз сөзінде қоғамдық бақылау институтын жетілдірудің дер кезінде жасалып жатқанын және маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.

Болашақ заң жобасының мақсаты –  қоғамдық бақылау жүйесінің құқықтық негізін, сондай-ақ азаматтық қоғамды одан әрі дамыту үшін құқықтық жағдайлар жасауды айқындау.

Заң жобасының міндетіне бірыңғай ұғымдық аппаратты қалыптастыру, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру қағидаттарының бірыңғай жүйесін белгілеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоғамдық күш-жігерді біріктірудің құқықтық тетіктерін жасау, сондай-ақ қоғамдық бақылау субъектілері мен объектілерінің функциясын, өкілеттігі мен жауапкершілігін айқындау кіреді.

Министр А.Балаева «Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес квазимемлекеттік секторда қоғамдық кеңестер құруды көздейтін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық комиссияларға қатысу арқылы қоғамдық кеңестердің өкілеттіктерін кеңейтетін заңға түзетулер әзірленіп жатыр. Бүгінгі таңда бұл түзетулер келісу рәсімінен өтуде» – деп атап өтті.

Іс-шара барысында Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің хатшысы, «Ақпараттық – ресурстық орталық» қоғамдық қорының директоры Көбеева Алтынай Орманқалиқызы, сондай-ақ Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, «KAZBREND» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Жазылбеков Нұрлан Әбдіжапарұлы, «ҚазРЕНА» Қазақстанның Ғылыми-білім беру компьютерлік желісін пайдаланушылар қауымдастығының бас директоры Джапаров Борис Аликенұлы және «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ Басқарма Төрағасы Байсақова Зульфия Мұхамедбекқызы сөз сөйледі.

Іс-шара соңында министр кездесудің барлық қатысушыларына белсенді қатысқаны және қоғамдық іске жауапты көзқарасы үшін алғыс білдірді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close