АймақтарМаңғыстау облысы

Маңғыстауда І және II деңгейлі инфекциялық стационарларда 50 науқас жатыр

0
(0)

Маңғыстау облысында 15 қазан күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясымен ауырып, карантиндік стационарда жатқан  науқастардың саны-50. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аурханаға түскен науқастың 44-і коронавирустық пневмониямен ауырып жатыр. Қалған 6-да коронавирусқа тапсырған сынама оң нәтиже көрсеткен.

Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде 4 науқас жатыр. Оның 2-нің жағдайы ауыр, тағы 2 науқас өте ауыр хәлде деп бағалануда.

Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп.

Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 23 пайызды құрайды.

Облыс көлемінде 215 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ реанимациялық төсек саны 43.

Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек орын бар.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close