АймақтарМаңғыстау облысы

Маңғыстауда індетке шалдыққандар саны көбейген жағдайда карантин талаптары күшейтіледі

0
(0)

Маңғыстауда індетке шалдыққандар саны көбейсе карантин талаптары күшейтіледі. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

Облыстың бас санитар дәрігерінің хабарлауынша, өңірде 2020 жылдың 27 наурызы мен 12 қазан аралығында (шағымы, шағымсыз) 3362 COVID-19  жағдайы тіркелген. Оның ішінде 1147 шағымы бар, 2215 шағымсыз науқас анықталып отыр.

Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар – 72 науқас, емделіп шыққандар – 3267 (97,1%). Облыста барлығы коронавирустың шағымы бар түрін жұқтырған 1147 науқас тіркелді, оның ішінде Ақтау қаласы – 470, Жаңаөзен – 157, Түпқараған – 38, Қаракия – 75, Маңғыстау – 41, Мұнайлы – 168, Бейнеу – 198 болды.

«Коронавирус инфекциясымен ауырғандардың ішінен сырттан әкелгендер – 6 жағдай,  жергілікті – 870 жағдай (өздері қаралғандар – 647, скрининг – 223), қарым-қатынаста болғандар – 271 жағдай. Инфекция жұқтырғандардың ішінде медицина қызметкерлері-74, мүгедектер-9, жұмыссыздар-285, оқушылар-43, зейнеткерлер-261, әскери бөлімдерден-18, кенорындағы тамақтандыру «Каспиан Фуд» мекемесінен-9, әскерге шақырылғандардан-4, «ТеңізшеврОйл» қызметкерлері-35, өндірістік мекемеде-130, мемлекеттік қызметкерлер-24, студенттер- 21, тағы басқалар-167, бала-бақша қызметкерлерімен мұғалімдер-23, ішкі істер қызметкерлері-10», -деді Ғазиз Надуев.

Облыста 2020 жылдың 13 қазанына ПТР тәсілімен мемлекеттік және жеке меншік зертханаларда барлығы 120 756 адам тексеріліп, оның   3362 оң нәтиже берді. Ұлттық сараптама орталығында бүгінгі таңда 15 мыңнан астам тест сынамасы бар. Эпидемиологиялық тексеру қорытындысымен қарым-қатынастағы адамдардың анықталған саны-7353, оның ішінде жақын қарым қатынаста 5355 (72,8%), ықтимал қарым қатынаста-1998 (27,2%).  Зертханалық  жолмен 6223 адам тексеріліп, оның 271 (4,4%) оң нәтиже берген.

Өңірде 17 тамыздан бастап 24 мониторинг тобы құрылып, бүгінгі таңда мониторинг тобымен 560 рейдтік жұмыстар жүргізілді. Рейд барысында 110 кәсіпкерлік нысанда бұзушылықтар анықталып, оның 110 түсінік жұмыстары жүргізіліп, 41 (8 жеке кәсіпкер, 33 жеке тұлға) әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close