АймақтарТүркістан облысы

Түркістан облысында жеңіс мемориалы мен балалар ойын алаңы ашылды

0
(0)

Түркістан облысы Созақ ауданына қарасты Жартытөбе ауыл округі, Бабаата елдімекенінде Жеңіс мемориалы мен балаларға арналған ойын алаңы ашылды.  Жеңіс мемориалды тақтасына осы өңірден сұрапыл соғысқа аттанған ерлер мен тылда еңбек еткен 400 ардагердің есімі жазылған.

Аталмыш жобалар ««Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ мен «Росатом» мемлекеттік корпорациясы компаниясының қолдауымен жүзеге асуда. «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық компаниясы» ауданның экономикалық дамуына қомақты үлес қосып келеді. Компания басшылары алдағы уақытта да Жартытөбе және Аққолтық ауылдарынан балалар ойын алаңдарының құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр. Одан бөлек, Тайқоңыр, Ақсүмбе елдімекенінде бірнеше жобаны жүзеге асырмақ. Жаңа соғылған балалар ойын алаңында  әткеншек, жеңіл көліктің макеті, сырғанақтар орнатылып, балаларға барлық жағдай жасалған.

Жаңа нысандардың ашылу салтанатына Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабыл Еспенбетов, аудандық мәслихаттың депутаты Ілияс Омарбеков пен ауыл тұрғындары қатысып, жылы лебіздерін білдірді.

«Біз соғыста қаза тапқан боздақтарды еске алып, арамызда жүрген ардагерлерімізді құрметтеп, ерлік істерін ешқашан ұмытпаймыз. 400 ардагердің есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында мемориалды тақта ашылып отыр. «Қазатомпром» Ұлттық компаниясына аудан халқының атынан алғысымды айтамын», – деді аудан әкімі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

bahis Casino Siteleri Baymavi Экскурсии в Мармарисе Аренда яхт в Бодруме Аренда яхт в Мармарисе Аренда яхт в Турции экскурсия памуккале дальян экскурсия эгейские острова мармарис остров клеопатры мармарис дайвинг в мармарисе турецкая ночь Scroll Up
Close