Өңір тынысы

Мектеп оқушылары қоғамдық көлікте тегін жүретін болды

Мектеп оқушылары қоғамдық көлікте тегін жүретін болды

Осындай бастама Павлодар облысын дамытудың іс-қимыл бағдарламасына енді деп хабарлайды Newsroom.kz порталы aikyn.kz сайтын сілтеме жасап.

Бұған дейін 7-15 жас аралығындағы балалар жолақысының жартысын, яғни 40 теңге төлеп келген еді. 15 жастан асқан соң  80 теңге төлеуге міндеттелді. Ал мамыр айынан бастап балалар мектеп бітіргенге дейін қоғамдық көліктерде тегін қатынайтын болды. Тек ол үшін «Avtobys» көлік картасын алып жүруі тиіс. Оны валидаторға тигізсе болғны. Егер көлік картасы болмаса, 40 теңге төлеуге тура келеді.

Павлодар облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қанат Қашкировтің сөзінше, оқушылардың жол жүру ақысын тасымалдаушы компанияларға өтеу үшін облыстық бюджеттен 679 млн теңге қарастырылып отыр. Демек, балалардың жолақысын енді мемлекет өзі өтейді. Қазір тиісті құжаттарға өзгерістер енгізілуде. Содан соң мамыр айынан бастап балалар автобустар мен трамвайларда билет сатып алмай жүре алады екен.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.