Өңір тынысы

Қарақат Әбден жастармен кездесу өткізді

ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбденнің ел өңірлеріндегі үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Жезқазған қаласына ат басын бұрған үміткер жергілікті сайлаушылармен, жастар қауымымен кездесті, деп newsroom.kz хабарлайды.

Жиын барысында жастарды толғандырып жүрген сұрақтар талқыланды. Олардың қатарында орта техникалық және жоғары білім, жатақхана мәселелері бар. «Ертеңгі үмітіміз, болашағымыз – жастар. Олардың жағдайын қамтамасыз ету біздің негізгі міндетіміз. Жастарға бүгінгі көмек — бұл біздің ертеңгі күнімізге тікелей инвестиция. Бүгінгі кездесу барысында көптеген өзекті мәселелер көтерілді. Жастардың қоғамдық мәселелерге белсене араласып жүргені қуантады. Олар түрлі өзекті сауалдарды жолдап, ерекше идеяларымен бөлісуде», – деп жеткізді өз сөзінде Қ.Әбден.

Бұдан бөлек, жас ұрпақтың бойында ұлттық намыс пен патриоттық сезімді қалыптастыру, қыздардың үйлесімді тәрбиесіне көңіл бөлу жөнінде де сөз қозғалды.

Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Үміткер Қ.Әбден ел аймақтарын аралап, 10 қала мен бірнеше ауылдық елдімекенде 20-дан астам кездесу өткізді Алдағы уақытта ол Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жамбыл облыстарының сайлаушыларымен кездесу өткізеді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.