Өңір тынысы

Жетісайда жаңа мектеп пайдалануға берілді

Жетісай ауданында оқу күніне орай жаңа білім ұясы пайдалануға берілді, деп хабарлайды newsroom.kz. 

Жетісай ауданы Қызылқұм ауылдық округіне қарасты Датқа ауылында 200 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Аталмыш мектептің құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталған болатын. Осы уақытқа дейін тар аядай бөлмеде оқып келген «Ерубаев» жалпы орта мектебінің оқушылары үшін мектептің құрылысы өз уақытынан ерте аяқталғаны үлкен қуаныш болды.

Мектепте заманауи жабдықтармен қамтылған лингафон, химия, биология, физика және информатика сынды 22 сынып кабинеттерімен қатар ұлдар мен қыздарға арналған еңбек пәні кабинеттері, спорт залы мен асханасы да қарастырылған. Мұнан бөлек 2 мектепалды даярлық тобы бар. Аталмыш мектеп аудандағы 70-ші типтік мектеп. Жылдың соңына дейін тағы екі мектепті тапсыру жоспарланып отыр. Яғни, Атамекен а/о 40 жылдық елді мекеніндегі 300 орындық жаңа мектеп құрылысы және Жылы су а/о Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебінің 300 орындық жаңа ғимараты пайдалануға беріледі деп күтілуде.

«Бүгінде аудандағы 73 мектептің 70-і типтік үлгіде. Биыл тағыда екі мектепті тапсыру ойымызда бар. Ал, 2022 жылдың соңына дейін ауданда ыңғайластырылған мектептер қалмайды деп жоспарлап отырмыз», – дейді аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков.

Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары жұртшылықты мектептің жаңа ғимаратының ашылуымен құттықтап, алдағы оқу жылдарына толағай табыстар тіледі.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.