Жетісу облысы

Рустам Әли Жетісу облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Qamshy.kz дереккөздеріне сүйене отырып, Жетісу облысы Ескелді ауданының әкімі ретінде республикалық «Жылдың ең үздік мемлекеттік қызметшісі – 2022» байқауында жеңімпаз атанған Рустам Әли жаңа қызметке тағайындалды деп newsroom.kz жазады. Ол Алматы облысын екіге бөлу нәтижесінде құрылған Жетісу облысы әкімінің орынбасары атанды.

Алпысбаев Рустам Әлиұлы 1984 жылы қазіргі Жетісу облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану мамандығы бойынша бакалавр, магистратура, докторантура дәрежелерін тәмәмдаған. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы «Деловая неделя» басылымында тілші болып бастаған. Газетте істей жүріп Centralasiaonlaine.com сайтында фрилансер болып қызмет еткен. Әр жылдары «Каспий» журналының Қазақстандағы ресми өкілі, «Деловая неделя» газеті халықаралық бөлімінің редакторы, ҚазҰУ Шығыстану факультетінде оқытушы, «Деловая неделя» басылымы бас редакторының орынбасары, Алматы облысы Ішкі саясат басқармасына қарасты Жетісу жастары кәсіпорнының директоры, Жетісу университеті Журналистика кафедрасында оқытушы, Алматы облысы Ескелді ауданы Қайнар ауылдық округінің әкімі, Алматы облысы Жастар саясаты, Ішкі саясат басқармаларының басшысы, Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2021 жылғы 5 мамырда Ескелді ауданының әкімі болып тағайындалған.

Облыстық деңгейде басқарма басшысы болып тұрғанда #TaldyParis, Хан тәңірі, Мұқылай жобалары, Орбұлақ тарихи шайқасының реконструктиялық қойылымы секілді ақпараттық, танымдық, тарихи түрлі жобаларды іске асырған.

20-дан астам ғылыми, 400-ден астам публицистикалық мақаланың авторы.

Қазақ, орыс, ағылшын, араб тілдерін меңгерген.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.