Жетісу облысы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары Жетісу тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары Жетісу облысының тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламадағы аграрлық секторға қатысты басымдықтарды талқылады, деп newsroom.kz хабарлайды.

Ал шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесуде штаб мүшелері кандидаттың тарихи мұраны сақтау, мәдениетті қолдау және отандық өнерді дамыту бойынша ұсыныстарын талқылады.

«Қоғамдық келісімді нығайту, жастарға дұрыс тәрбие беру және өскелең ұрпақтың бойына жасампаз құндылықтарды сіңіру ісінде зиялы қауым өкілдері айрықша рөл атқарады. Сіздердің жастармен әңгімелесіп, оларды белсенді болуға, 20 қарашада сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауға шақырғандарыңыз маңызды», деді республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов.

Жергілікті кәсіпкерлермен және шаруалармен кездесуде кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан шағын және орта бизнесті қолдау шаралары талқыланды. Бұдан соң, Балпық би ауылында штаб мүшелері Көксу қант зауытының еңбек ұжымымен кездесіп, бизнес пен еңбек адамын қолдау жөніндегі басымдықтарға назар аударды. Сол күні штаб мүшелері өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың және жастар ұйымдарының басшыларымен бірге сайлауалды бағдарламаның Қазақстанды саяси жаңғыртуға арналған блогын талқылады.

Ерлан Қошанов жастарды сайлау науқанына белсенді атсалысуға шақырды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.